Реклама
Реклама

100 гол! Холанд АПЛ рекордын жаңартты

Сарапшы, спорт журналисі
03.12.2025, 08:07

Норвегиялық форвард бұл көрсеткішке бар болғаны 111 матчта жетіп, Алан Ширердің тарихи рекордын бұзды. 

Offside.kz

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия Премьер-лигасы тарихында ең жылдам 100 гол соққан футболшы атанды. Норвегиялық форвард бұл көрсеткішке бар болғаны 111 матчта жетіп, Алан Ширердің тарихи рекордын жаңартты.

АПЛ-дың 14-туры аясындағы «Манчестер Сити» – «Фулхэм» кездесуінде Холанд 17-минутта Жереми Докудан тамаша пас алып, гол соқты.

Бұл соққы — оның АПЛ-дегі 100-ші добы. Осылайша 25 жастағы норвегиялық футболшы Англия чемпионаты тарихында ең жылдам жүздікке жеткен ойыншы атанды.

Бұған дейін рекорд Алан Ширерге тиесілі болған — ол 100 голға 124 матчта жеткен еді.

Голдан кейін — YouTube-тағы рекорд

Футбол алаңындағы табыстан бөлек, Эрлинг Холанд интернетте де жаңа белесті бағындырды. Ол алтын YouTube батырмасын иеленді — себебі арнасына 1 миллионнан астам адам жазылған.

Холанд өз арнасын 10 қыркүйекте ашып, алғашқы видеосын 23 қазанда жариялаған. Нәтижесінде ол бар болғаны 35 күнде миллион жазылушы жинап, бар-жоғы үш бейнероликпен рекорд орнатты.

Маусымдағы статистика

Ағымдағы АПЛ маусымында Холанд:

  • 12 матч өткізіп,
  • 14 гол соқты.
Реклама
Реклама