Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Неше ҚПЛ клубы жекешелендірілді? Үкімет нақты дерек ұсынды

Сарапшы, спорт журналисі
03.12.2025, 18:18

Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футбол клубтарын жекешелендіру процесі жалғасып жатыр.

zakon.kz
Реклама
Реклама

Неше клуб жеке қолға өтті?

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, қазір Премьер-лигада өнер көрсететін 14 кәсіби клубтың бір бөлігі жеке меншікке өтті. Тағы бірнешеуі бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Серік Жарасбаевтың сөзіне сүйенсек:

«Қазір Үкімет осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Премьер-лигада ойнайтын 14 кәсіби футбол клубының бесеуі жекешелендірілді, ал екеуі бойынша демеушілермен келіссөздер жүріп жатыр. Ірі компаниялар қызығушылық танытты, жұмыс басталып кетті. Сонымен қатар клубтарды жекешелендірумен бірге, олардың алдына балалар академияларын құру міндеті қойылды», – деді вице-министр.

Яғни мемлекет клубтарды бюджетке масыл күйден шығарып, бизнес-модельге негізделген, демеушілік пен инвесторлар есебінен жұмыс істейтін құрылымға көшіруді көздеп отыр.

Президент тапсырмасы және 2026 жылға дейінгі меже

Жарасбаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық футбол клубтарын жекешелендіру туралы тапсырмасы нақты мерзіммен бекітілгенін де атап өтті.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты 2026 жылдың наурызына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Футбол қауымдастығында жекешелендірудің негізгі мақсаттары ретінде:

  • бюджет қаржысын үнемдеу,
  • клубтардың қаржылық ашықтығын және жауапкершілігін арттыру,
  • инфрақұрылым мен жасөспірімдер футболын дамыту,
  • ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыру,

сияқты факторлар аталып жүр.

Клубтар жеке қолға көшкен сайын олардың нәтижесі, маркетингі, жанкүйермен жұмыс істеу сапасы тікелей иелерінің мүддесіне тәуелді болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары