Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Неймар үш жарым жылдан кейін хет-трик жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:11

Бразилия чемпионатының 37-турында «Сантос» форварды Неймар «Жувентудеге» қарсы ойында хет-трик жасап, жанкүйерлерін қуантты.

foot-africa.com
Реклама
Реклама

Екінші таймдағы шоу

33 жастағы Неймар бүкіл назарды өзіне аударды. Ол «Жувентуде» қақпасына соққан үш голды екінші таймда тіркеді. Голдардың бірі пенальтиден орындалды.

Соңғы жылдары гол соғу көрсеткішімен жиі көзге түспей жүрген бразилиялық жұлдыз үшін бұл – 2022 жылдан бергі алғашқы хет-трик.

Маусымдағы статистикасы жақсарды

Осы матчтың арқасында Неймардың Бразилия чемпионатының ағымдағы маусымындағы голдар қоржынында 8 доп болды. «Сантос» үшін маңызды сәттердің біріне айналған бұл ойын Неймардың әлі де жоғары деңгейде шешеуші рөл ойнай алатынын көрсетті.

Неймар бұған дейін хет-трикті 2022 жылдың 9 сәуірінде тіркеген. Ол кезде бразилиялық шабуылшы Франция чемпионатында «Пари Сен-Жермен» сапында «Клермон» қақпасына үш гол соққан еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары