Тәжірибелі ойыншы талдықорғандық командаға ауысады.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов алдағы маусымға дайындық барысында туған клубы «Жетісумен» келісімге келді. Тәжірибелі ойыншы талдықорғандық командаға қайта оралады.
Футболшы өткен маусымда «Елімай» және «Оқжетпес» сапында өнер көрсетіп, ҚПЛ-дің 20 матчында бір гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана «Жетісудың» тізгінін қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов қайтадан қолға алғаны белгілі болды. Ол бұрын «Оқжетпесті» жаттықтырды.
34 жастағы жартылай қорғаушы әр жылдары Қазақстанның бірнеше жетекші клубында ойнаған:
Ұлттық құрама сапында 30 матч өткізіп, 2 гол соқты.