Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ресей чемпионы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 14:49

Биыл өткен маусымда Ғалымжан Кенжебек небәрі 11 ойында алты гол соғып, төрт ассист жасап үлгерді.

Қазақстан-Лихтенштейн/ Нұрғали Жұмағазы
Реклама
Реклама

Ресейлік «Краснодар» клубы Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебекті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды «Мутко Против» Telegram-арнасы.

Дереккөздің айтуынша, краснодарлықтар бірнеше сатып алуды жоспарлап отыр. Кенжебек басқа ойыншылардың қатарында клубтың қысқа тізімінде.

Ғалымжан Кенжебек өткен ҚПЛ маусымын «Елімай» сапында өткізіп, 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Бұған дейін БАҚ-та ойыншыға «Данди Юнайтед», «Глазго Рейнджерс» (екеуіде — Шотландия) және «Олимпиакос» (Грекия) сияқты шетелдік клубтардың қызығушылық танытқаны айтылған. Словакия, Ресей және Грекияның басқа клубтары да ойыншыны бақылап отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары