Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Стойловтың шешімі «Ақтөбенің» жоспарын күйретті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:12

Болгариялық танымал маман Станимир Стойлов Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуды жоспарына енгізбей отыр. «Ақтөбенің» қызығушылығына қарамастан ол жұмысын Түркияның «Гёзтепе» клубында жалғастыруға ынталы. 

haberekspres.com.tr
Реклама
Реклама

«Ақтөбенің» арманы кейінге қалды

Жаңа басшылық «Ақтөбенің» бас бапкері ретінде дәл Стойловты көргісі келгені туралы ақпарат тараған. Клуб басшылары оны командаға әкеліп, жаңа маусымды беделді бапкермен бастауға ниеттенген.

Алайда болгар маманы Қазақстанға оралуға асығар емес. Түркиядағы жобасымен риза екені айтылды.

Қазір «Гёзтепе» Түркия Суперлигасында жоғары орындар үшін күресіп жүр. Команда турнир кестесінде 4-орында, олар тек «Галатасарай», «Трабзонспор», «Фенербахче» клубтарынан төмен тұр.

Стойловтың қаржылық шарттарға, тұрмыстық жағдайға және клуб ішіндегі атмосфераға көңілі толатыны айтылды. Клуб та өз кезегінде тәжірибелі бапкерді жоғары бағалайды. Сондықтан тараптар бір-біріне риза.

Стойловтың келісімшарты әлі екі жылға жарамды

Стойловтың агенті Элиас Элиа тарапынан да жағдайға нүкте қойылғандай болды. Ол өз мәлімдемесінде:

«Станимирдің келісімшарты әлі екі жылға созылады», – деп нақты жауап берген.

Бұл сөздерден кейін бапкердің жақын арада «Гёзтепеден» кетуі екіталай екені анық байқалды.

«Ақтөбе» жаңа кандидат іздей ме?

Осылайша «Ақтөбенің» Стойловты басты нысана ретінде қарастыруы үлкен ықтималдықпен іске аспайтын жоспар болып қалды. Клуб енді бас бапкер лауазымына басқа үміткерге ауысуы мүмкін.

Бұған дейінгі маусымда ақтөбеліктер тағы бір болгар маман – Николай Костовтың жетекшілігімен ҚПЛ-ды 5-орынмен аяқтаған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары