Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлемдегі ең қымбат футболшы уәдесінде тұрып, көз жасын жасыра алмады

Сарапшы, спорт журналисі
08.12.2025, 20:51

Неймар «Сантосты» құтқарып, матч соңында эмоцияға ерік берді.

goal.com
Реклама
Реклама

«Сантос» элитадағы орнын сақтап қалды

Бразилияның атақты клубы «Сантос» ел чемпионатының элиталық дивизионында орнын сақтап қалды. Командаға бұл үшін соңғы турда «Крузейроны» 3:0 есебімен жеңу керек еді – міндет орындалды.

Бұл кездесуде «Барселона» және «Пари Сен-Жерменнің» экс-жұлдызы Неймар жарақатына қарамастан толық 90 минут ойнап, «Сантостың» орнын сақтап қалу жолында негізгі фигуралардың бірі болды. Ол гол да, пас та жасамағанымен шабуылдағы ойыны мен көшбасшылық қасиетімен көзге түсті. Матч нәтижесінде клуб турнирлік кестеде 12-орынға көтерілді.

Сұхбат кезінде жылады

Финалдық ысқырықтан кейін Неймарға тікелей эфирде сұхбат беру оңайға соқпады. Әңгіме соңына қарай бразилиялық жұлдыз эмоциясын тежей алмай, көзіне жас алды.

Футболшы соңғы апталардың қаншалықты ауыр өткенін жасырмады:

«Шынымды айтайын, соңғы бірнеше апта өте қиын болды. “Фламенгомен” өткен матчтан кейін сынға толы толқын басталды. Адамдар шектен шығып кетті деп ойлаймын. Маған қатысты болғанда, жұрт әрдайым барлық шекарадан асып кететіндей. Биыл алғаш рет өзім көмек сұрадым. Эмоционалдық жағдайым нөлге түсті, қайта тұруға күшім қалмады.

Жаттықтырушым, командаластарым және отбасым маған қайта қалпыма келуге керемет қолдау көрсетті. Енді демалатын уақыт келді – маусым аяқталды. Қазір кемі бір апта футболды ұмытып, бір жаққа кеткім келеді. Одан кейін ғана болашағым туралы ойланамын. Бірақ жүрегім әрқашан “Сантосқа” тиесілі. “Сантос” мен үшін үнемі бірінші орында болады. Ал әрі қарай бәріміз үшін не жақсы болатынын көреміз», – деді Неймар матчтан кейін.

Жарақатқа қарамай ойнады – уәдесін орындады

Неймар – «Сантос» академиясының түлегі. Ол 2025 жылдың басында Сауд Арабиясындағы «Әл-Хиляльдағы» сәтсіз кезеңнен кейін туған клубына оралды. «Әл-Хиляльда» уақыттың басым бөлігін жарақат емдеумен өткізген.

Бұл маусымда да жарақаттар Неймарды оңайлықпен «қоймай», қараша айының ортасында тағы да жарақат алып, дәрігерлер оған маусымды аяқтаған дұрыс болатынын айтқан. Соған қарамастан футболшы командаға берген уәдесін орындау үшін алаңға қайта оралып, шешуші ойындарға қатысты.

Бір тур бұрын Неймар Париж кезеңінен бергі алғашқы хет-тригін ресми матчта тіркеп, «Сантостың» құтқару операциясына тікелей үлес қосты.

Неймар Бразилияның Серия A чемпионаты аясында биыл 8 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары