Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлем чемпионаты-2026: FIFA жаңа ереже енгізді

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 10:44

Естеріңізге салсақ, жазда өтетін ӘЧ бірден үш елде өтетін болады.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

2026 жылғы әлем чемпионаты матчтарында су ішуге арналған үзілістер болады. Бұл туралы турнирдің бас үйлестірушісі Маноло Зубирия мәлімдеді.

Командаларға әр таймда үш минуттық бір үзіліс беріледі. Үзіліс таймдардың ортасында жасалады.

Сонымен қатар, ФИФА бұл үзілістер ауа райы немесе температура жағдайына байланысты болмайтынын атап өтті.

Ойын уақыты тоқтатылмайды, бірақ әр таймның соңында үш минут қосымша уақыт қосылады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында барлығы 48 құрама өнер көрсетеді. Бұл – осыншама көп қатысушысы бар алғашқы мундиаль болмақ.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ-та, Канадада және Мексикада өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары