Мысыр шабуылшысы "Ливерпуль" сапынан кететін болды.
«Ливерпуль» мысырлық шабуылшы Мохамед Салахты қаңтар айында сатуға шешім қабылдады. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде indykaila News мәлімдеді.
Салах кез келген нұсқаға ашық — ол «Барселона», «Реал» немесе «Бавария» секілді клубтарға ауысуды қарастыруға дайын, бірақ Сауд Арабиясынан түсетін ұсыныс ең тартымды болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін мысырлық футболшы бапкер Арне Слотты сынап, командадағы рөліне көңілі толмайтынын айтқан еді. Ол қатарынан үш матчты негізгі құрамда бастамады. Осыдан кейін шабуылшыны «Интерге» қарсы Чемпиондар Лигасы матчының өтініміне қоспады.
Қазіргі маусымда Салах «Ливерпуль» үшін 19 ойын өткізіп, бес гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Шабуылшының клубпен қолданыстағы еңбек келісімі 2027 жылдың жазыға дейін есептелген.