Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының тағдырын бір гол шешті

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 22:34

Астанада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турында  «Қайрат» пен Грекияның Пирей қаласынан келген «Олимпиакос» командасы кездесті. 

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Кездесу өте сақ және тактикалық күреске толы өтті. Екі команда да қорғаныста барын салып, шабуылға сақ шықты. Алғашқы таймда есеп ашылмай, командалар үзіліске 0:0 есебімен кетті.

Екінші таймда «Қайрат» шабуылын күшейтіп, бірнеше рет қауіпті сәт ұйымдастырды. Бірақ соңғы соққы дәл болмай қойды. Ал грекиялық клуб өз мүмкіндігін қалт жібермеді.

73-минутта «Олимпиакос» форварды Желсон Мартинш Мехди Таремидің пасын пайдаланып, қақпаны дәл көздеді. Осылайша қонақтар маңызды үш ұпайды еншілеп кетті.

Бұл жеңістен кейін «Олимпиакос» жалпы турнирлік кестеде 5 ұпайға ие болып, 26-орынға көтерілді. Ал «Қайрат» әзірге 35-позицияда қалып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары