Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Темірлан Анарбеков — Чемпиондар лигасы матчтында MVP атанған алғашқы қазақ!

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 23:50

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА сарапшыларының жоғары бағасына ие болып, Чемпиондар лигасындағы матчта тарих жазды.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

УЕФА Анарбековтың ойынын жоғары бағалады

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турында өткен «Қайрат» – «Олимпиакос» кездесуінде (0:1) Темірлан Анарбеков ерекше көзге түсті.

УЕФА-ның техникалық бақылаушылар тобы қақпашының ойынына талдау жасап, оны матчтың ең үздік ойыншысы (MVP) деп таныды. Бұл атаққа Чемпиондар лигасы тарихында алғаш рет қазақ футболшысы қол жеткізіп отыр.

Оның сейвтері «Олимпиакосты» ірі жеңістен сақтап қалды

УЕФА сарапшылары арнайы есебінде Темірланның ойынына жеке тоқталды:

«Оның көптеген сейвтері айып алаңының ішінен жасалған соққылардан кейін орын алды. Дәл осы әрекеттері „Олимпиакос“ үшін есептің бұдан да ірі болуына жол берген жоқ».

Расымен де «Қайрат» қақпасына бағытталған бірнеше қауіпті сәттерде Анарбеков қарсыластың соққыларын дер кезінде қайтарып отырды.

«Олимпиакоспен» өткен ойында Темірлан Анарбеков жеті сейв жасады. Қақпашының тамаша реакциясы мен ойын оқуы «Қайратты» бір емес, бірнеше голдан сақтап қалды.

Дегенмен матчтың бір эпизодында қарсылас ойыншының өткір бұрыштан бағыттаған соққысы қақпа торына дейін жетіп, Темірланға «құрғақ» ойын өткізуге мүмкіндік бермеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары