Дастан Сәтпаев әлемдегі ең қымбат шабуылшылар қатарына енді
12.12.2025, 19:49
Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат 17 жастағы орталық шабуылшылардың рейтингін жариялады. Тізімде Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» форварды Дастан Сәтпаев жоғары орынға көтеріліп, екінші сатыға жайғасты.
vesti.kz
Сәтпаевтың бағасы – 3 млн еуро
Беделді ресурстың дерегіне сәйкес, Дастан Сәтпаевтың қазіргі трансферлік құны 3 миллион еуро деп бағаланған.
- Франческо Камарда («Лечче», Италия) — 10 млн еуро
- Дастан Сәтпаев («Қайрат», Қазақстан) — 3 млн еуро
- Джилиан Нгессан («Сент-Этьен», Франция) — 2 млн еуро

Айта кетейік, рейтингке әлемнің әр түкпірінен 93 футболшы енгізілген.
Соңғы маусымдағы көрсеткіші
Дастан Сәтпаев өткен маусымда ҚПЛ-де 14 гол соғып, үздік сұрмергендердің бірі атанды. Сондай-ақ оның еншісінде Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Копенгаген» қақпасына соғылған гол бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама