Александр Заруцкий келесі жылы еліміздің бес дүркін чемпиондарының қақпасын қорғайтын болады.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий алматылық «Қайраттан» кеткеннен кейін «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ASnews.kz.
32 жастағы футболшының «қызыл-ақтармен» жасаған келісімі екі жылға есептелген.
Айта кетейік, бұған дейін «Елімай» клубы Заруцкийді өз құрамына қосу үшін белсенді түрде әрекет жасаған.
Еске сала кетсек, 2025 маусымында Александр Заруцкий «Қайрат» сапында барлық турнирлерде 24 матч өткізді. Қазақстандық қақпашы Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын командаға Премьер-лигада чемпиондық атақты қорғауға, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға зор үлес қосты.