«Ақтөбе» трансфер нарығын шулатпақ
Қазақстан Премьер-Лигасында ойнайтын «Ақтөбе» алдағы трансферлік терезеде құрамын күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб Украина құрамасына шақырылған екі қорғаушымен келісімге келуі мүмкін.
Әңгіме кімдер туралы?
Telegram-дағы «Серый CARDINAL» арнасының жазуынша, «Ақтөбе» Тарас Кочараба мен Иван Ордецті алуды қарастырып жатыр.
Қос футболшы ұлттық құрамаға шақыртылып, Донецкінің «Шахтер» академиясынан түлеп ұшқан.
Кочараба туралы дерек: тәжірибе мен үш ойын
Legalbet.kz келтірген мәліметке сәйкес, Тарас Кочараба – «Шахтердің» тәрбиеленушісі. Бұған дейін ол:
- «Говерла»
- «Звезда» (Кропивницкий)
- «Слован» (Либерец)
- «Славия» (Прага)
- DAK 1904 клубтарында өнер көрсеткен.
Украина құрамасы сапында үш матч өткізген. Сондай-ақ Transfermarkt ресурсы ойыншы құнын 600 мың еуро деп бағалаған.
Ордецтің карьерасы: 12 матч және 1 гол
Иван Ордец те «Шахтер» мектебінің түлегі. Ол әр жылдары:
- «Ильичёвец»
- «Динамо» (Мәскеу)
- «Бохум» командаларында ойнаған.
Ұлттық құрамада 12 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Transfermarkt бағалауы бойынша құны 750 мың еуро деп көрсетілген.