Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайратта» Темірлан Анарбековтың Еуропаға ауысатыны туралы мәлімдеме жасалды

Сарапшы, спорт журналисі
14.12.2025, 21:54

«Қайрат» ФК бас бапкері Рафаэль Оразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтың Еуропа чемпионатына ауысуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді. 

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Оразбахтин не деді?

Бас бапкердің айтуынша, Анарбековке өзін күшті лигада сынап көру пайдалы болмақ. Оразбахтин қақпашының әр ойында мүмкіндігін көрсетіп жүргенін айтты. Еуропада да тұрақты ойнай алса, дамуы одан әрі үдей түсетінін жеткізді.

«Темірланға жоғары деңгейлі лигада бақ сынап көрген дұрыс. Ол жас қақпашы ретінде әлі де өседі. Нақты ұсыныс түссе, бұл жақсы мүмкіндік болуы мүмкін».

Алайда клубқа ресми, нақты ұсыныстар келіп түсті деген ақпарат әзірге жоқ. Дегенмен БАҚ-та еуропалық клубтардың қызығушылығы туралы жазылып жатыр.

Анарбеков неге назарға ілікті?

Еске салайық, 22 жастағы Темірлан Анарбеков биылғы маусымда Чемпиондар лигасында сенімді ойнап, көптің көзіне түсті. Қақпашы «Қайраттың» жалпы кезеңге шығуына үлес қосып, негізгі раундта төрт матч өткізді. Бірнеше ойында өз шеберлігін айқын көрсетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары