Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дмитрий Огай ресми түрде «Шахтерді» тізгіндеді

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 11:50

Қазақ футболындағы тәжірибелі маман Дмитрий Огай Қарағандының «Шахтер» клубына бас бапкер болып ресми тағайындалды. Бұл шешім клубтың бүгінгі баспасөз мәслихатында жарияланды.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Негізгі мақсат: «Шахтерді» Премьер-лигаға қайтару

Бұған дейін Огайдың алдына команданы Қазақстан Премьер-лигасына қайта шығару міндеті қойылатыны айтылған.

Еске салайық, өткен маусымда «Шахтер» Бірінші лигада төртінші орынмен шектелді. Қарағандылық клуб — Қазақстанның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ 2013/2014 маусымындағы Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнаған алғашқы қазақстандық команда ретінде тарихта қалған. 

Огайдың тәжірибесі

65 жастағы Дмитрий Огай Қазақстанда түрлі клубтарды жаттықтырған: «Ертіс», «Тобыл», «Қайсар», «Жетісу» және басқа да командалар. Шетелде ресейлік «Урал» мен «Нефтехимикті» басқарған. Соңғы жұмыс орны — «Жетісу» (2017–2020).

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары