Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Екі дүркін Қазақстан чемпионының қожайыны шетелдік бапкерлерді мойындамайды

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 16:58

Қарағандының «Шахтер» ФК жаңа иесі Тимур Турлов командадағы кадрлық саясатқа тоқталып, неге шетелдік мамандарды шақыруды міндет санамайтынын түсіндірді. Клуб басшысы қазақстандық бапкерлер мен менеджерлерге сенім арту тиімді екенін алға тартты.

lada.kz
Реклама
Реклама

«Шетелдік маман қажет емес»: Турловтың ұстанымы

Турловтың айтуынша, мәселе маман тапшылығында емес — ең маңыздысы еңбек жағдайын жасап, әділ жалақы ұсыну. Сонда Қазақстанның өзінде футболға жан-тәнімен берілген, өсемін деген кәсіби кадрлар жеткілікті екенін көруге болады.

Оның сөзінше, клуб тарапынан адал бәсеке, мансаптық өсу мүмкіндігі, халықаралық жобаларға қатысу сияқты ұсыныстар мамандарды өз-өзінен тартады. 

Айта кетейік, қарағандылық клубтың бас бапкері қызметіне тәжірибелі маман Дмитрий Огай келді. 

Клубтың мәртебесі мен қазіргі ахуалы

«Шахтер» — Қазақстанның екі дүркін чемпионы және еурокубоктардың негізгі кезеңінде ойнаған алғашқы отандық клубтардың бірі. Дегенмен соңғы маусымдарда команда ұзаққа созылған дағдарыстан шыға алмай келеді.

Турлов бұған дейін де клубты легионерлермен «толтырып», қысқа мерзімді нәтиже қууды мақсат етпейтінін жеткізген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары