Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ЧЛ-да «Қайратқа» қарсы ойнаған футболшы алматылық клубқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 18:09

Спорттық мансабында ол Англияның «Брентфорд» клубында доп кеткен. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Алматының «Қайрат» футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады. Тараптар арасындағы келісім 2027 жылдың желтоқсанына дейін жарамды. 

Ойыншы туралы қысқаша мәлімет

  • Жасы: 25
  • Позициясы: орталық жартылай қорғаушы
  • Бойы: 180 см
  • Салмағы: 70 кг

Яакко Оксанен кәсіби мансабын Финляндияның ХИК клубында бастаған. 2018 жылы ол Англияның «Брентфорд» клубына ауысып, команданың екінші құрамында өнер көрсетті.

Кейін футболшы жалға берілді. Англияның «Уимблдон» клубында және шотландиялық «Мортон» командасында доп тепті. 

Ал 2022 жылы Оксанен отанына оралып, «КуПС» клубымен келісімшартқа отырды. «Қайратқа» ауысқанға дейін дәл осы команда сапында ойнады.

Еурокубоктардағы тәжірибесіне келер болсақ, осы маусымда Яакко Оксанен «Қайратқа» қарсы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Екі матчтың қорытындысы бойынша «сары-қаралар» 3:2 есебімен жеңіске жетті, ал Оксанен алғашқы ойында гол соқты.

Жалпы маусым барысында жартылай қорғаушы 51 матчқа қатысып, 4 гол мен 8 нәтижелі пас тіркеді.

Ұлттық құрама

Оксанен:

  • Финляндия ұлттық құрамасында — 1 матч;
  • U-21 жастар құрамасында — 15 матч өткізген.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары