Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Ақтөбенің» бапкері ҚПЛ-де өзге клубты тізгіндейді

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 19:31

Болгариялық маман Николай Костов «Ақтөбеден» кеткеннен кейін мансабын Қазақстанда жалғастырып, «Оқжетпеске» бас бапкер болып барады.

NUR.kz
Реклама
Реклама

62 жастағы бапкер бұған дейін Кипр, Украина және Болгария клубтарында еңбек етті. 2002 жылы «Анортосиспен» Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда Қарағандының «Шахтерін» және Ақтаудың «Каспийін» жаттықтырды. 

Николай Костов биыл тамызда «Ақтөбенің» тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен команда 7 матч өткізіп, маусымды 5-орынмен аяқтаған.

Kazfootball.kz мәліметінше, енді болгариялық бапкер «Оқжетпестің» жаңа бас бапкері атанады.

Бұған дейін тәжірибелі маман Дмитрий Огай Қарағандының «Шахтер» клубына бас бапкер болып ресми тағайындалғаны хабарланған еді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары