Реклама
Реклама

Ғалымжан Кенжебек Еуропаның ТОП-клубынан соңғы ұсыныс алды

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 21:57

Қазақстан құрамасы және «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Еуропаның белді клубынан нақты ұсыныс алды. Чехияның қазіргі күміс жүлдегері саналатын «Виктория» Пльзень футболшыға финалдық ұсынысын жолдаған.

vesti.kz

«Виктория» қандай шарт ұсынды?

Amanvibe.kz мәліметінше, Пльзень ұжымы ойыншыға бір жылдық келісімшарт ұсынып отыр. Команданы Мартин Хиски жаттықтыратыны атап өтіледі.

Қазір «Виктория» Пльзень Чехия чемпионатында 4-орында келеді және турнир кестесінің көшбасшысынан 13 ұпайға қалып отыр. Сонымен бірге клуб Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүр.

Кенжебектің статистикасы: клуб пен құрамадағы нәтижелер

ҚПЛ-2025: «Елімай» сапындағы көрсеткіші

  • 11 матч
  • 6 гол
  • 4 нәтижелі пас

Қазақстан құрамасы (2025)

  • 9 ойын
  • 3 гол
  • 1 ассист
Реклама
Реклама