Александр Седнев ҚПЛ клубын басқаруы мүмкін.
ASnews мәліметіне сүйенсек, Премьер-лигаға оралған "Ертіс" алдағы футбол маусымына үлкен мақсаттар қойып отыр. Павлодарлық команданың құрамын сапалы легионерлермен және қазақстандық ойыншылармен күшейтуі күтілуде. Солардың бірі ретінде 2023 жылғы чемпиондық маусымда «Ордабасыда» Седневтің қол астында ойнаған Асхат Тағыбергеннің есімі аталып жүр.
Беларусьтік бапкерге келсек, ол қазіргі таңда Бресттің «Динамосынан» кетуге жақын. Аталған клубпен бірге ол ел чемпионатында төртінші орынға ие болды. Сондай-ақ Седнев Беларусь ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпарат болған, алайда федерация Виктор Гончаренконың кандидатурасын таңдады.
Қоса кетейік, бас бапкер лауазымына тағы бір үміткер ретінде «Жетісудың» бұрынғы жаттықтырушысы Самат Смақов қарастырылып отыр. Смаков пен Седневтің бірге жұмыс істеуі де мүмкін, себебі олар бұған дейін «Ақтөбе» клубында тандемде еңбек еткен.