Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Шахтердің" болашаққа мақсаты қандай? Тимур Турлов жоспарын бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
16.12.2025, 16:43

«Шахтердің» жаңа қожайыны Тимур Турлов командасының жоба-жоспарларымен бөлісті.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Белгілі кәсіпкер «кеншілермен» биіктерді бағындырып, Еурокубоктерге шығатын мақсаты барын тілге тиек етті. Бұл туралы «ASnews.kz» мәлімдеген.

«Қарағанды футболын жаңа деңгейге көтеру — мен үшін үлкен мақсат әрі мотивация. Жоспарымызда инфрақұрылымды тұрақты дамыту және мықты іргетас қалау бар, өйткені кез келген жобаның негізі берік, ал мақсаттары ұзақмерзімді болуы тиіс екенін жақсы білеміз. Алдымызда тұрған өршіл міндет — еурододаларға жолдама алу. Бұл мақсатқа жететінімізге сенімдімін. Бізде көптеген жобаны жоғары деңгейде жүзеге асырған мықты команда бар», — деді Тимур Турлов.

Жаңа маусымға қарағандылық клубты Дмитрий Огай жаттықтырады. «Шахтер» 1 Лиганың өткен маусымын 4-орынмен аяқтап, ҚПЛ-ге берілетін жолдамадан шет қалды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары