Отандасымыз бірінші орынды Нұралы Әліп және Максим Самородовпен бөлісуге мәжбүр.
Ресей Премьер-лигасында (РПЛ) өнер көрсететін ең қымбат қазақстандық футболшы тізімі өзгерді. Осы уақытқа дейін алғашқы орында келген Бақтиер Зайнутдинов енді көшбасшылық орнын басқа отандастарымен бөлісуге мәжбүр. Бұл туралы Aladop.kz хабарлады.
Transfermarkt порталы жаңартқан деректерге сәйкес, Зайнутдиновтың нарықтық бағасы 300 мың еуроға төмендеп, қазіргі таңда 2,5 миллион еуро болып отыр. Осылайша, ол РПЛ-дегі ең қымбат қазақстандық футболшы статусынан айрылды.
Жаңартылған тізімде Ресей чемпионатындағы ең қымбат қазақстандық ойыншылардың үшеуінің де трансферлік құны теңесті.