Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.
ФИФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған жанкүйерлер үшін жаңа билет санатын іске қосқанын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды.
Жаңа билет түрі «ең адал жанкүйерлерге арналған билет» деп аталады. Оның бағасы — 60 АҚШ доллары. Бұл билеттер турнир аясындағы барлық 104 матчқа, оның ішінде финалдық ойынға да қолжетімді болады.
Аталған билеттерді сатумен және үлестірумен ұлттық футбол қауымдастықтары айналысады. Әр федерация:
өз бетінше анықтайды. ФИФА-ның хабарлауынша, ең арзан билеттер өз құрамасының ең адал жанкүйерлеріне беріледі деп күтілуде.
ФИФА мәліметінше, билеттерді кездейсоқ жеребе арқылы бөлу кезеңінде 20 миллионнан астам өтінім түскен. Бұл әлем чемпионатына деген қызығушылықтың өте жоғары екенін көрсетеді.
Әлем чемпионатынан түсетін қаржы:
Айта кетейік, ЧМ-2026 Өзбекстан құрамасы үшін тарихи турнир болмақ. Өзбек футболшылары алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып отыр.