Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ҚПЛ клубы «Портудың» экс-ойыншысына қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі
17.12.2025, 22:19

Португалиялық шабуылшы Руй Педро Қазақстан клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр. Ақпаратқа сай, 27 жастағы футболшыға Қостанайдың «Тобылы» көз тікті.

instagram/@rui59pedro
Реклама
Реклама

Еркін агент мәртебесі және ықтимал трансфер

Қазір Руй Педро еркін агент саналады. Яғни, ол жаңа командаға трансферлік өтемақысыз қосыла алады. Бұл жағдай ойыншыға қызығушылық танытқан клубтар үшін келісімді жеңілдетуі мүмкін.

Осы маусымда Руй Педро Түркияның 1-лигасында «Хатайспор» сапында 6 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Дегенмен қараша айында оның клубтан кеткені айтылды.

Қай клубтарда ойнады?

Руй Педро карьерасында бірнеше елдің командаларында өнер көрсеткен:

  • «Порту» (негізгі және екінші құрамы)
  • «Боавишта»
  • Испаниядағы «Гранада» клубының дубль командасы
  • «Пенафиел»
  • Словенияның «Олимпиясы» және басқа ұжымдар

Ең нәтижелі кезеңін Словенияда өткізген: чемпионатта 46 матчта 16 гол тіркеген.

Шабуылшы Португалияның барлық жасөспірім және жастар құрамаларында ойнаған. Ал футболшының нарықтық құны 500 мың еуро шамасында бағаланады.
Айта кетейік, Қостанайдың «Тоболы» өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында қола жүлде алып, сонымен қатар ел Кубогын жеңіп алған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары