Естеріңізге салсақ, атыраулық клуб өткен маусымда 13 орын алып, ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалды.
«Атырау» әлі күнге дейін шетелдік ойыншыларының жалақысын төлемеген, деп хабарлайды ASnews.kz. Клуб осы жылдың қазан айынан бері шетелдік ойыншыларға айлық бермеген.
Ойыншылар сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалғаны берілетін сыйақыны да алған жоқ.
Африкалық ойыншылардың бірі «мұнайшылардың» WhatsApp чатында былай мәлімдеме жасапты:
«Шыдамның да шегі бар. Біз олардың уәделеріне сеніп, өтірік екенін білсек те, уақыт бердік. Жетер енді! Барлығы команданың ҚПЛ-да қалуы үшін күресті, ал кейбіреулері тіпті бонустарынан бас тартты. Енді біз жалақымызды алуға тырысып жатырмыз, ал қазақстандық ойыншылар айлықтарын алып қойған ба? Бұл әділетсіз. Бапкерге келесі маусымда кейбір ойыншылардың қажет болатынын білемін, бірақ өзіңе тиесілі ақшаны алатыныңа кепілдік қайда? Мен оның сөздеріне сенгендіктен шыдадым, бірақ бұл бос сөз болды. Олар бізді пайдаланды, сондықтан ақшамды басқаша талап етемін», – деп жазды футболшы.
Енді аталмыш істі ФИФА қарайды деп күтілуде. Бірақ клуб жергілікті ойыншыларға қарыз емес екен.
«Атырау» өткен маусымда Премьер-лигада 13-ші орын алды. 26 ойында команда 22 гол соғып, 45 гол жіберіп алды.