Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ислам Чесноковтың британдық клубта дебют жасайтын уақыты анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
18.12.2025, 14:19

Естеріңізге салсақ, 26 жасар футболшы Шотландия чемпионатына еркін агент ретінде өтеді.

Ислам Чесноков. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

Шотландиялық «Хартс» клубының бас бапкері Дерек Макиннес Қостанайдың «Тобол» клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың командаға қашан қосылатыны туралы айтты.

"Ол Рождестводан кейін бірден келуі керек, сонда біз оны жаттығу үдерісіне біртіндеп қоса аламыз. Құжаттарының барлығы реттеліп, «Ливингстонға» қарсы матчқа (3 қаңтар) тіркей аламыз деп үміттенеміз. Бұған кепілдік жоқ, өйткені бәрі бізге байланысты емес. Бірақ істі қажетті деңгейге жеткізу үшін барлық мәселелерді жауып, барлық формальды рәсімдерден өтуге тырысып жатырмыз", — деді бапкер BBC-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Ислам Чесноков «Тобол» сапында барлық турнирде 29 матч өткізіп, 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол Қазақстан Кубогының иегері атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары