2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамаларға қомақты сыйақы бөлетін болды.
ФИФА өңірлік қауымдастықтар арасында жалпы 727 млн доллар бөлуді жоспарлап отыр. Оның 655 млн доллары тікелей әлем чемпионатына қатысатын құрамаларға жүлде қоры ретінде қарастырылған.
Турнирге жолдама алған әрбір ұлттық құрама жарыс басталғанға дейін дайындық шығындарын жабу үшін 1,5 млн доллар алады. Ал топтық кезеңнен өте алмаған командаларға (33–48-орындар) 9 млн доллар төленеді. Осылайша әрбір қатысушы құрама кемінде 10,5 млн доллар алуға кепілдік алады.
Плей-оффтың алғашқы сатысында (17–32-орындар) жарыстан шығып қалған командалар 11 млн доллар иеленеді. 1/8 финалда жеңілгендерге 15 млн доллар, 1/4 финалдан аса алмағандарға 19 млн доллар беріледі. Ал жартылай финалда және үшінші орын үшін ойында жеңілген құрамалар 27 млн доллар алады. Үшінші орын иегері бұл сомадан 2 млн долларға артық табыс табады.
Финалда жеңілген құрама 33 млн доллар алады. Ал 2026 жылғы әлем чемпионы рекордтық 50 млн доллар жүлдеге ие болады.
Айта кетейік, әлем чемпионаттарындағы жүлде қоры жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2006 жылы Италия 20 млн доллар, 2010 жылы Испания 30 млн, 2014 жылы Германия 35 млн, 2018 жылы Франция 38 млн, ал 2022 жылы Аргентина 42 млн доллар алған.