Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасына бапкерлер тізімі белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
18.12.2025, 12:34

Португалия құрамасы мен «Манчестер Ситидің» экс-ойыншылары: ҚФФ бапкерлікке үміткерлерді анықтады.

Коллаж ASnews.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне бірнеше маманның кандидатурасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.

Үміткерлердің бірі — Португалияның жастар және олимпиадалық құрамасын жаттықтырған Руй Жорже. Ол биыл қызметінен кеткен. Жорженің жетекшілігіндегі командалар ірі халықаралық жарыстарда, соның ішінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарында тұрақты нәтиже көрсеткен. Футболшы ретіндегі мансабында ол «Порту» мен «Спортинг» сапында өнер көрсетіп, Португалия чемпионатын жеті рет, ел Кубогын төрт рет және Суперкубокты алты рет жеңіп алған. Ұлттық құрамада 45 матч өткізіп, бір гол соққан. Дегенмен, Жорже негізгі кандидат саналып отырған жоқ, сондықтан оның тағайындалу ықтималдығы төмен.

Тағы бір үміткер — уэльстік бапкер Крис Коулман. Ол Уэльс ұлттық құрамасын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жеткізген. Футболшы ретінде «Манчестер Сити» академиясынан түлеп, «Кристал Пэлас», «Блэкберн», «Фулхэм», «Суонси» клубтарында ойнаған. Бапкерлік жолында «Фулхэм», «Реал Сосьедад», грекиялық «Лариса» мен «Атромитос», «Сандерленд», қытайлық «Хэбэй», бельгиялық «Ауд-Хеверле Левен» клубтарында еңбек еткен. Қазір ол Грекияның «Астерас» командасын жаттықтырып жүр.

Үшінші кандидат ретінде польшалық маман Михал Пробеж қарастырылуда. Ол 2023–2025 жылдары Польша ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Бұған дейін елдің жетекші клубтарында, соның ішінде «Висла», «Лехия», «Ягеллония» және басқа да командаларда жұмыс істеген.

Айта кетейік, ҚФФ тізімінде бұған дейін италиялық Массимо Каррера мен Швеция құрамасының экс-бапкері Янне Андерссон да болған. Алайда Каррера отбасылық жағдайына байланысты Қазақстанға келе алмаса, Андерссон бапкерлік мансабын аяқтаған.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов атқарып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары