Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан ФИФА-ның жаңа турнирлерінде бақ сынамақ

Сарапшы, спорт журналисі
18.12.2025, 08:38

Жуырда футбол қауымдастығы жаңа турнирлерді іске қосатынын жариялаған болатын. 

kff.kz
Реклама
Реклама

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық қауымдастықтардың U-15 жасөспірімдер құрамалары арасында жаңа турнирлер сериясын іске қосатынын ресми түрде жариялады. 

ФИФА Кеңесінің шешіміне сәйкес, 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар құрамалары үшін фестиваль форматындағы халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Бұл турнирлерге ФИФА құрамындағы барлық ұлттық қауымдастықтар қатыса алады.

ФИФА Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес:

  • 2026 жылы алғашқы турнирлер U-15 ұлдар құрамалары арасында өтеді;
  • 2027 жылы жарысқа U-15 қыздар құрамалары қатысады;
  • 2028 жылдан бастап барлық ФИФА мүшелері ұлдар мен қыздар арасында өтетін екі бөлек турнирге шақырылады.

ФИФА бұл турнирлерді жастар футболын дамытуға бағыттаған. Осыған байланысты ойын форматы өзгеше болады. Матчтар қысқа уақытқа созылады. Ойындар кіші өлшемдегі алаңдарда өтеді. Ал командалар 7–9 ойыншыдан құралады.

Айта кетейік, Қазақстан ФИФА құрамына кіретін 211 ұлттық қауымдастықтың бірі ретінде аталған турнирлерге қатысу құқығына ие.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары