Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Айбол Әбікен жаңа маусымда қай клубта ойнайды?

Сарапшы, спорт журналисі
18.12.2025, 22:10

Қазақстандық футболшы Айбол Әбікен мансабын Қызылорданың «Қайсар» клубында жалғастыруды жөн көрді. 

instagram/@aibol_abiken
Реклама
Реклама

Қаңтардағы оқу-жаттығу жиынына қосылады

Айбол Әбікен қаңтар айында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал дәл қазір Қызылордада өтіп жатқан команданың ағымдағы жиынына қатыспайды. Футболшыға бұл кезеңнен босатылу берілген.

Еске салайық, биыл қарашада жартылай қорғаушы «Қайсардан» кететінін әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жанкүйерлермен қоштасқан еді. Алайда араға уақыт салып, ойыншы қайтадан қызылордалық клубпен байланысты таңдады.

«Ордабасыдан» «Қайсарға» дейін

Айбол Әбікен 2025 жылдың қаңтарында шымкенттік «Ордабасыдан» «Қайсар» сапына ауысқан. Өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында 25 матч өткізіп, 1 гол соқты. 

Әбікен 2019–2024 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында 16 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары