Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Астана" шабуылшысы "Ақтөбе" басшылығын қызықтырды

Сарапшы, спорт журналисі
19.12.2025, 15:12

"Астана" шабуылшысы Джеффри Чинеду келесі жылы "ақ-қызылдардың" сапына өтуі мүмкін.

Фото: "Астана" ФК
Реклама
Реклама

Нигериялық шабуылшы, «Астана» клубының ойыншысы Джеффри Чинеду «Ақтөбенің» қызығушылығын тудырды. Бұл туралы AmanVIBE телеграм-арнасы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, «Ақтөбе» ФК-ның жаңа басшылығы «Астана» сапында өнер көрсететін Джеффри Чинедуды трансферлеу мүмкіндігін қарастырған. Нигериялық форвард елордалық клубқа ауысқалы бері Қазақстан Премьер-лигасында 36 матч өткізіп, 18 гол соққан.

Сондай-ақ қазіргі трансферлік үзіліс кезінде «Ақтөбе» жаңа маусымда көптен күткен чемпиондық үшін таласу мақсатында құрамды сапалы легионерлермен айтарлықтай күшейтуді жоспарлап отырғаны атап өтілді.

Айта кетейік, жуырда «Ақтөбенің» жаңа инвесторы әрі иесі қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаев атанды. Forbes журналының дерегінше, оның байлығы 228 миллион АҚШ долларына бағаланады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары