Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Тобыл" негізгі жұлдызын сақтап қалғысы келеді

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2025, 13:27

Эль-Мессауди "Тобылда" қалуы мүмкін.

Фото: "Тобыл" ФК
Реклама
Реклама

Telegram-дағы Match арнасының мәліметінше, Қостанайдың «Тобол» футбол клубы 30 жастағы марокколық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессаудимен келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздерді бастап кеткен.

Команда үшін маңызы

Эль-Мессаудидің Премьер-лигадағы көрсеткіші көңіл қуантады: ол өткізген 22 матчта 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. «Тобол» сапында марокколық футболшы табысты маусым өткізіп, Қазақстан Кубогын жеңіп алды әрі ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды.

Футболшының мансабы

Ахмед Эль-Мессауди бельгиялық «Льерс» клубының түлегі. Ол кәсіби деңгейде дәл осы команда сапында 2013 жылы дебют жасаған. Мансабы барысында бельгиялық «Стандард» пен «Мехелен», Нидерландтың «Гронинген», «Фортуна» және «Эммен» клубтарында, сондай-ақ Түркияның «Газиантеп» командасында өнер көрсеткен. 2024 жылдан бері Қостанайдың «Тобол» клубының намысын қорғап, ұжымның негізгі көшбасшыларының біріне айналды.

Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының трансферлік құны 800 мың еуроға, яғни шамамен 485 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары