«Елімай» ФК алдағы маусым қарсаңында құрамдағы маңызды ойыншының бірімен келісімшартты жаңартты. Қазақстандық шабуылшы Роман Мұртазаев командада қалып, жаңа маусымға арналған контрактқа қол қойды.
Семейлік ұжым әлеуметтік желідегі жазбасында тәжірибелі форвардтың «Елімаймен» бірге жалғасатынын атап өтті. 32 жастағы ойыншы өткен маусымда команданың шабуыл шебінде тұрақты өнер көрсеткен.
Қарағанды футбол мектебінің түлегі саналатын Мұртазаев әр жылдары:
Роман Мұртазаев «Астана» сапында:
Шабуылшы Қазақстан құрамасында 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.
2024 жылғы маусымда Мұртазаев «Елімай» жейдесінде:
Айта кетейік, өткен ҚПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Елімай» 4-орын алып, клуб тарихында алғаш рет УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 маусымындағы іріктеу кезеңіне жолдама алды. Осы тұрғыда тәжірибелі Мұртазаевтың командада қалуы – еурокубок алдындағы маңызды қадамдардың бірі.