Легионерлер қаптай ма? Боранбаев жекешелендірудің басты “эффектісін” айтты
22.12.2025, 21:07
«Қайрат» ФК байқау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстандағы футбол клубтарын жекешелендіру тақырыбына қатысты көзқарасын білдірді.
NUR.KZ
Қайрат Боранбаев: «Бәсеке күшейсе — футбол да ұтады»
Боранбаевтың айтуынша, клубтарды жеке меншікке беру — нарықтағы әділ бәсеке қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның пікірінше, мұндай қадам отандық футболдың сапасын арттыруға жол ашуы тиіс. Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram-арнасы жазады.
«Бұл — өте жақсы! Біз салауатты бәсекені қолдаймыз. „Қайрат“ футбол клубы — жекешелендіруді қолдайды. Неге болмайды? Ең мықтысы жеңсін. Ең бастысы, осындай бәсекенің арқасында бізде жақсы футболшылар пайда болады. Тек қазақстандық емес, легионерлер де келеді. Бұдан біздің футбол тек ұтады», — деді Боранбаев.
Биыл қай клубтар жекешелендірілді?
Еске салайық, 2025 жылы бірқатар клуб жеке қолға өткен:
- «Қайсар»
- «Қызылжар»
- «Жеңіс»
- «Шахтер»
- «Ақтөбе» жекешелендірудің аяқталу кезеңінде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама