Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Неймардың денсаулығы туралы мәлімдеме жасалды

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2025, 16:09

Жуырда бразилиялық футболшы тізе буынындағы шеміршегін зақымдап алған еді. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Бразилиялық шабуылшы Неймар медиалдық менискінің жыртылуына байланысты жасалған артроскопиялық операциядан сәтті өтті. Бұл туралы «Сантос» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Клубтың мәлімдеуінше, хирургиялық араласу 22 желтоқсан күні жасалған. Қазір футболшының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

«Медиалдық мениск зақымын емдеу мақсатында артроскопия жасалды. Операция сәтті өтті, спортшының жағдайы жақсы. Неймар бүгін ауруханадан шығарылады және оңалту кезеңінен өтеді. Қалпына келу үдерісі оның физиотерапевті Рафаэль Мартинидің бақылауында болады», — делінген «Сантос» клубының ресми мәлімдемесінде.

Еске салайық, қараша айында Неймар Сан-Паулу қаласында медициналық тексеруден өтіп, тізе менискісінің зақымданғаны анықталған еді.

Маусымдағы көрсеткіштері

33 жастағы Неймар маусым қорытындысы бойынша  28 матчта алаңға шығып, 11 гол соқты. Ал «Сантос» 47 ұпаймен турнир кестесінде 12-орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары