Реклама
Реклама

Бақтиер Зайнутдиновтың бас бапкері ресми бекітілді

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2025, 16:53

Мәскеудің «Динамо» ФК Ролан Гусевті маусым соңына дейін бас бапкер етіп тағайындады. Команда сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.

vesti.kz

Клуб не дейді?

Клуб таратқан ақпаратта Ролан Гусевтің «Динамо» түлегі екені, сондай-ақ Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері мәртебесіне ие екені және УЕФА кубогының жеңімпазы атанғаны атап өтіледі.

Сонымен қатар мәлімдемеде оның бапкерлік жолының басында:

  • ЦСКА жастар командасымен жұмыс істеп, Жастар футбол лигасын ұтқаны,
  • армиялық клуб академиясында және Ресейдің жасөспірімдер құрамаларында тәжірибе жинағаны айтылған.

Гусев 2023 жылдың жазынан бері «Динамоның» бапкерлік штабында қызмет етіп келеді. Бұған дейін ол командада өткен маусым соңында және биыл қараша айынан бастап бас бапкер міндетін уақытша атқарған.

Зайнутдиновке қатысы қандай?

Еске салайық, «Динамо» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол қазіргі маусым барысында Түркияның «Бешікташ» клубынан Ресей чемпионатына ауысқан еді.

Реклама
Реклама