Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ел аумағында Hawk-Eye технологиясына негізделген VAR жүйесін енгізуді ресми түрде мақұлдады
Аталған жоба ФИФА қаражаты есебінен, FIFA Forward бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Ақпаратқа сәйкес, қаржыландыру туралы шешім Дохада (Қатар) өткен ФИФА отырысында қабылданған.
Hawk-Eye – әлемдік футболдағы ең танымал әрі кең қолданылатын видеокөмек технологияларының бірі. Ол ФИФА мен УЕФА аясындағы ірі турнирлерде, соның ішінде әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, сондай-ақ Еуропаның топ-лигаларында (АПЛ, А сериясы және т.б.) пайдаланылады.
Келіссөз барысында жоба бойынша қаржылық шарттар қайта қаралып, енгізу құны бастапқы ұсыныстармен салыстырғанда 1,1 миллион АҚШ долларынан астам сомаға қысқартылды.
Жоспар бойынша Қазақстанда VAR халықаралық талаптарға сай кезең-кезеңімен енгізіледі. Нақтырақ айтқанда: