Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Манчестер Сити» Абдукодир Хусановтың трансферіне қатысты шешімін айтты

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2025, 21:35

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы әрі «Манчестер Сити» ойыншысы Абдукодир Хусанов әзірге «қалалықтардың» трансферлік жоспарына кірмейді. Францияның Allez Lens порталының дерегінше, ағылшын клубы футболшыны қысқы терезеде ешқайда жібермейтінін нақты аңғартқан.

instagram.com/@mancity
Реклама
Реклама

«Ланс» Хусановты қайтармақ болды ма?

Әлеуметтік желіде өзбекстандық бірқатар ресурс «Ланс» басшылығы «Манчестер Ситимен» байланысып, Хусановты маусым соңына дейін жалға алуға тырысты деген ақпарат тараған. Алайда Allez Lens мәліметінше, Хусановтың «Лансқа» қайта оралуы туралы мәселе мүлде талқыланбаған.

Француз порталы екі негізгі себепті келтіреді:

  1. «Манчестер Ситидің» позициясы анық: Хусанов биыл қыста клубтан кетпейді.
  2. «Ланс» бапкерлік штабы ұзақ мерзімге жарақат алған Джонатан Градиге байланысты міндетті түрде «ТОП деңгейдегі» ойыншы іздеп отырған жоқ. Командадағы баламалар (соның ішінде Исмаэло Ганиу, қажет болса Маланг Сар) бұл рөлді уақытша жаба алады деген пікір айтылады.

«Ливерпульден» 50 млн еуро ұсыныс болды ма?

Allez Lens жазуынша, «Манчестер Сити» тарапынан аренда да болмайды, тіпті сату да қарастырылмайды деген сигнал берілген. Тіпті «Ливерпуль» Хусанов үшін 50 миллион еуро ұсынуға дайын деген болжам айтылса да, бұл мәміле қыста жасалмайды делінген.

Еске салайық, Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиге» биыл қаңтарда «Ланстан» ауысқан. Ақпаратқа сай, оның трансферлік құны 40 млн фунт шамасында бағаланған. Қазіргі маусымда ол АПЛ-де 5 матчқа қатысқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары