Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен биылғы маусымда еурокубоктарда қазақстандық голкиперлердің ерекше көзге түсуінің себебін түсіндірді.
YouTube-тегі Fonteam арнасы жүргізушісінің «Неге қақпашылардың ойыны күрт жақсарды?» деген сұрағына Сейсен деңгейі жоғары қарсыластармен ойнаудың әсері барын алға тартты.
— «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындарынан кейін қақпашыларға қатысты сенсация басталды. Неге голкиперлер осынша мықты ойнай бастады?
— Меніңше, Чемпиондар лигасында өте күшті командаларға қарсы ойнайсың, сол кезде бізде жұмыс өте көп болады. Себебі де — осы. Құрамада да жұмыс аз емес, — деді Мұхамеджан Сейсен.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Қайрат» қақпашылары Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза еурокубок матчтарында кеңінен талқыланды. Екеуі де алматылық клуб сапында Чемпиондар лигасы кездесулеріне қатысып, көзге түсті.
Темірлан Анарбеков (22 жаста)
Шерхан Қалмырза (18 жаста)