Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ФИФА-ның бұқаралық және әуесқой футболды дамыту комитетінің (Grassroots and Amateur Football Committee) мүшесі атанды.
Аталған комитет футболды бастапқы деңгейде және әуесқой сегментте дамыту мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ халықтың футболға кеңінен таратылуын арттыруға бағытталған бастамалар мен жобалар осы органның құзыретіне кіреді.
Бұдан бөлек, Марат Омаров УЕФА-ның ұлттық қауымдастықтар комитетінің (UEFA National Associations Committee) құрамына да кірді. Бұл комитет УЕФА мен ұлттық футбол қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестірумен, сондай-ақ еуропалық футбол жүйесі аясындағы негізгі қызмет бағыттарын талқылаумен айналысады.
Қазақстан футбол федерациясы өкілінің ФИФА мен УЕФА-ның профильдік комитеттеріне қатысуы ҚФФ-ның футболды дамытуға қатысты халықаралық деңгейдегі үдерістерге белсенді араласуын және жаһандық әрі еуропалық футбол кеңістігіндегі ықпалдастығын қамтамасыз етеді.