Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров үміткерлермен келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкерін тағайындау барысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram-арнасы хабарлады.
Омаровтың айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбаған.
«Әзірге бұл сұрақ бойынша бір тоқтамға келген жоқпыз. Ықтимал кандидаттармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар Талғат Маруанұлымен де барлық шарттарды талқылаймыз. Менің ойымша, келесі жылдың басында бұл мәселе өз шешімін табады», — деді ҚФФ президенті.
Марат Омаров ұлттық құраманың алдағы ресми жарыстарға дайындықты ерте бастау қажеттігін атап өтті.
«Қазақстан құрамасы FIFA Series атты ресми турнирдің алғашқы маусымына дайындалуы керек. Алғашқы ойындар келесі жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді. Қазақстан бұл турнирді қабылдайтын елдердің қатарына енді. Әр топта әртүрлі құрлықтардан келген төрт ұлттық команда бақ сынайды. Толық тізім келесі жылдың басында белгілі болады, алайда дайындықты қазірден бастау қажет», — деді ол.
Еске салайық, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұл шешім отандық маман Әли Әлиевтің отставкасынан кейін қабылданды.
Байсуфиновтың жетекшілігімен ұлттық құрама: