Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов павлодарлық «Ертіс» клубының құрамын толықтыруы мүмкін.
Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев хабарлады.
Мәліметке сәйкес, ҚПЛ-ға жаңадан қосылған павлодарлық «Ертіс» Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі қорғаушысы Темірлан Ерлановты өз қатарына қосуды қарастырып отыр.
32 жастағы футболист өткен маусымның басым бөлігін жарақат салдарынан өткізіп алды. Соған қарамастан, соңғы чемпионатта ол ҚПЛ аясында «Тобол» сапында 11 матчқа қатысты.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, «Ертіс» клубының өкілдері Ерлановпен келіссөздерді бастап кеткен. Сонымен қатар, қорғаушыға деген қызығушылықты оның бұрынғы командасы — «Тобол» та сақтап отыр. Қостанайлық клуб футболшыны жаңа маусымда да қатарында көргісі келеді.
Алайда, басты мәселе — қостанайлықтардың павлодарлық клуб ұсынуы мүмкін қаржылық шарттарға тең келетін ұсыныс жасай ала ма, жоқ па — әзірге ашық күйінде қалып отыр. Бұл туралы журналист өз Telegram-арнасында жазды.
Еске салайық, Темірлан Ерланов биыл 15 маусымда Премьер-лига аясында қызылордалық «Қайсарға» қарсы өткен матчта ауыр жарақат алып, маусымның соңына дейін қатардан шығып қалған болатын.