Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Темірлан Анарбековке Түркиядан ұсыныс түсті

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2025, 23:20

Түркиялық бапкер-скаут Али Эмре алматылық «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбековті Ыстамбұлдың «Фенербахче» клубына лайық кандидат ретінде атады.

instagram/@anarbekov_temirlan77
Реклама
Реклама

Али Эмре не дейді?

Оның пікірінше, егер негізгі қақпашы Ирфан Жан Эгрибаят командадан кетсе, оны Анарбеков алмастыруы мүмкін. Түркиялық маман X әлеуметтік желісінде Анарбековтің деңгейін жоғары бағалап, бірнеше аргумент келтірді: 

«Қазір ол Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының қатарына кіріп отыр. «Қайрат» сапында бірнеше өте мықты матч өткізді. Бельгияға қарсы ойында ірі есептен аман алып қалған шешуші сэйвтері болды».

Эмре жазбасын «Егер ол бразилиялық болғанда, 10–15 миллион еуроға да алу қиын болар еді» деген салыстырумен түйіндеді..

Анарбековтің мүмкін трансфері нені білдіреді?

Бұл мәлімдеме әзірге ресми ұсыныс емес. БірақТүркия медиасы мен скауттарының назары Қазақстан ойыншыларына ауып келе жатқанын, Анарбековтің халықаралық аренадағы ойыны бағаланатынын көрсетеді.

«Фенербахче» деңгейіндегі клубқа ауысу — қазақстандық қақпашы үшін мансаптық үлкен қадам болар еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары