Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әкімдік футбол олигархтарына ескерту жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:16

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Қазақстандағы футбол клубтарын жекешелендіру үдерісіне қатысты пікірін білдірді. 

BES.media
Реклама
Реклама

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Қазақстандағы футбол клубтарын жекешелендіру үдерісіне қатысты пікір білдіріп, жеке меншікке өткен командалардың жауапкершілігіне тоқталды. 

Құранбектің айтуынша, Қазақстанда бірқатар футбол клубы жекешелендіру кезеңінен өтіп үлгерген.

«Біздің кейбір клубтар жекешелендіруден өтті. Олар — „Қайрат“, „Жеңіс“ және „Қайсар“. Егер қателеспесем, „Шахтерді“ Тимур Турлов сатып алған — бұл ақпарат ашық дереккөздерде жарияланды. „Жеңіс“ — Ломтадзеге, „Қайрат“ — Боранбаевқа тиесілі. Жеке қолға өткен клуб өзінің бағыты мен стратегиясын өзгертпеуі тиіс», — деді әкім орынбасары.

Сәрсен Құранбектің сөзінше, жеке меншікке өткен клубтар тек басқару формасын емес, даму философиясын да сақтауы керек.

«Инвестор клубқа қаржы құйып қана қоймай, команда айналасында тұрақты индустрия қалыптастыруы міндет. Бұл — инфрақұрылым, жастар жүйесі, маркетинг және жанкүйерлік мәдениет», — деп нақтылады ол.

Шымкент әкімдігі өкілінің айтуынша, «Ордабасы» футбол клубы да осы жолмен жүруі тиіс. Алайда қазіргі таңда клубты жекешелендіру бойынша нақты мәліметтер жарияланған жоқ.

Бұған дейін Шымкент әкімдігі «Ордабасы» клубының 2025 жылдың соңына дейін жеке меншікке өтетінін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, футбол клубтарын жаппай жекешелендіру үдерісі 2025 жылдың күзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасынан кейін басталған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары