Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан чемпиондары қымбат сыйлықсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
29.12.2025, 21:05

Өзбекстанның 2025 жылғы маусымында чемпион атанған ферғаналық «Нефтчи» клубында күтпеген жағдай тіркелді. Чемпиондық маусымнан кейін командада қалған ойыншылар мен бапкерлерге iPhone табысталғанымен «алтын құрамның» бір бөлігі сыйлықсыз қалған. 

instagram/@uzpfl
Реклама
Реклама

Сыйлық — тек қазіргі құрамға

Ақпаратқа сәйкес, ескерткіш сыйлықтар тек қазір клубпен келісімшарты сақталған футболшылар мен бапкерлер штабы өкілдеріне берілген.

Яғни, чемпиондық титулды алып берген маусымға тікелей үлес қосып, бірақ маусым аяқталған соң «Нефтчиден» кеткен ойыншылар мен жаттықтырушылар марапат тізіміне енбеген.

Парадокс: маусымнан кейін келгендер де iPhone алған

Ең қызығы — дереккөз мәліметінше, iPhone алғандардың арасында 2025 маусымы аяқталғаннан кейін ғана қосылған, яғни чемпионат матчтарына қатыспаған кейбір ойыншылар да бар. Бұл жайт жанкүйерлер арасында сұрақ туғызып, клубтың ұстанымына қатысты пікірталасқа себеп болған.

Осы оқиғадан кейін өзбек футбол кеңістігінде «сыйлық әділ бөлінді ме?» деген талқылау күшейе түсті. Чемпиондыққа еңбегі сіңгендердің сыйлықсыз қалуы — команда ішіндегі мотивация мен клуб мәдениетіне қатысты бөлек әңгіме.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары