10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Челсидің» жаңа бапкері кім болуы мүмкін? Негізгі үміткер аталды

Сарапшы, спорт журналисі
02.01.2026, 19:29

Лондондық «Челси» бас бапкерлігіне басты кандидат ретінде «Страсбурды» тізгіндеп отырған Лиам Розеньордың есімі жиі атала бастады. Бұл туралы беделді инсайдер Фабрицио Романо X (бұрынғы Twitter) желісіндегі мәлімдемесіне сүйене отырып бірқатар БАҚ жазды.

mirror.co.uk

Инсайдердің ақпаратынша, Розеньор «Челсидің» қысқа тізімінде алдыңғы орында тұр және клуб басшылығы оны жоғары бағалайды. 

Қазіргі маусымда «Страсбург» Франция Лигасында 16 турдан кейін 23 ұпаймен 7-орында келеді.

Соған қарамастан бірқатар дереккөз бұл тақырыпқа қатысты нақты шешім жоқ екенін, ал «Челсидегі» жағдайдың әлі өзгеруі мүмкін екенін алға тартады.

Лиам Розеньор: 

  • Жасы: 41
  • Қызметі: «Страсбург» бас бапкері
  • Келісімшарты: 2028 жылдың жазына дейін
Реклама
Реклама