10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайрат» әлемнің үздік клубы атануға үміткер

Сарапшы, спорт журналисі
05.01.2026, 08:56

Футзалдан «Қайрат» клубы беделді сыйлықтың номинанттары қатарына енді.

Фото: "Қайрат" футзал клубы

Алматылық «Қайрат» футзал клубы Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының «Әлемнің үздік клубы» номинациясына ұсынылды. Бұл беделді марапатқа Испанияның «Картахена» мен «Пальма», Аргентинаның «Бока Хуниорс», Таиландтың «Хонген Тхакам», Бразилияның «Жарагуа», Италияның «Мета Катания» және Уругвайдың «Пеньяроль» секілді әлемнің үздік клубтары таласады. Аталған сыйлықтың жеңімпазы 7 қаңтар күні белгілі болады.

Еске салайық, 2024/25 маусымында «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Шешуші матчта алматылықтар Испанияның «Пальма» клубымен кездесіп, 4:9 есебімен жеңіліс тапты. Ал жартылай финалда қазақстандық клуб тағы бір испандық команда — «Картахенаны» 3:2 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантқан еді.

Реклама
Реклама