Алматылық ұжым жуырда алғашқы трансферін жүзеге асырды.
Алматылық «Қайрат» футбол клубы маусымаралық кезеңдегі алғашқы трансферін жүзеге асырды. Атап айтқанда, 1 қаңтарда «Қайрат» сапына еркін агент ретінде финляндиялық орталық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен қосылды. Ол өткен маусымда Финляндияның КуПС клубында өнер көрсетті.
Оксанен 2025 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы ойнап, алғашқы матчта алматылықтардың қақпасына гол соққан еді. Сол ойында КуПС күтпеген жерден 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда қарымта кездесуде «Қайрат» 3:0 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Маусым аяқталғаннан кейін «Қайрат» бірқатар футболшымен қоштасты:
Қазіргі таңда «Қайрат» тек бір футболшымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Қорғаушы Дамир Қасаболаттың келісімі 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды.