Рубен Аморим «Манчестер Юнайтед» бас бапкері қызметінен босатылды.
«Қызыл сойқандар» онымен 2027 жылға дейін күшінде болған келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты. Команданы уақытша түрде Даррен Флетчер басқаратын болады.
40 жастағы португалиялық маман манчестерлік ұжымды 2024 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен команда 25 рет жеңіске жетіп, 15 матчта тең ойнап, 23 кездесуде қарсыласына жол берді.
Аморимнің қызметінен босатылуына кешегі "Лидс Юнайтедке" қарсы сырт алаңда өткен ойын (1:1) түрткі болған секілді.
20 турдан кейін 31 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.